Хатами: АҚШ-тың Иранға қарсы барлық санкциялары жойылуы керек
https://itolqyn.com/news/iran-i58590-Хатами_АҚШ_тың_Иранға_қарсы_барлық_санкциялары_жойылуы_керек
Теһранның жұма намазының имамы Вена келіссөздеріне сілтеме жасап: «АҚШ Иранға қарсы барлық санкцияларды толығымен және біржола алып тастауы керек»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 28, 2022 20:03 Asia/Almaty
  • Хатами: АҚШ-тың Иранға қарсы барлық санкциялары жойылуы керек

Теһранның жұма намазының имамы Вена келіссөздеріне сілтеме жасап: «АҚШ Иранға қарсы барлық санкцияларды толығымен және біржола алып тастауы керек»,- деді.

 

Иран студенттері ақпарат агенттігінің (ISNA) хабарлауы бойынша, Теһранның жұма намазының имамы аятолла  Сейед Ахмад Хатами  бүгінгі намазының құтпасында: «АҚШ келіссөзді  емес тонауды ойлайды. Олар тонауды түстерінде көріп, армандайды. Бірақ бұл ешқашан өңінде орын алмаған және келешекте өңге айналмайтын түс»,- деп сөзін жалғады. Хатами сондай-ақ Йемендегі гуманитарлық апатқа тоқталып: «Сауд Арабиясы Йеменді үздіксіз бомбалауда. Бұл қылмыстың алдында халықаралық ұйымдардың, соның ішінде халықаралық исламдық ұйымдардың тұншығып, үнсіз қалғаны өкінішті»,- деп баса айтты.