Хенгам аралы жағалауындағы дельфиндердің қуанышы
Қаң 30, 2022 17:49 Asia/Almaty
Иранның оңтүстігінде орналасқан Хормозган облысындағы қып-қызыл Хенгам аралы Парсы шығанағының асыл тасындай жарқырайды. Ал дельфиндердің ойыны Хенгам аралының сұлулығын одан ары арттырып жіберді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, туристер Хенгам аралы жағалауындағы дельфиндердің тіршілігі мен шаттыққа толы биі жəне Парсы шығанағының табиғи сұлулығын көруге келеді.
Дельфиндер жыл сайын күздің басынан көктемнің ортасына дейін Хенгам аралы жағалауында тіршілік етеді. Осы аралықта дельфиндер өз ойындарымен жағалаудағы туристерді қуанышқа бөлейді.
Тегтер