Келер жылы "Нахид-1" жерсерігінің екі үлгісі ғарышқа ұшырылады
https://itolqyn.com/news/iran-i58730-Келер_жылы_Нахид_1_жерсерігінің_екі_үлгісі_ғарышқа_ұшырылады
Иран әуе-ғарыш ұйымының басшысы: "Шамси жыл санағы бойынша 1401 жылы "Зулдженах" және "Ғаем" жерсерік тасушының көмегімен "Нахид-1" жерсерігінің екі үлгісі ғарышқа ұшырылады",-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 03, 2022 18:46 Asia/Almaty
  • Келер жылы

Иран әуе-ғарыш ұйымының басшысы: "Шамси жыл санағы бойынша 1401 жылы "Зулдженах" және "Ғаем" жерсерік тасушының көмегімен "Нахид-1" жерсерігінің екі үлгісі ғарышқа ұшырылады",-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хасан Салария Ұлттық ғарыш технологиялары күнін атап өту рәсімінде: "Нахид-2" жерсерігінің сапалы үлгісін жасауды көздеп отырмыз",-деді.

Иранның Ақпарат және коммуникация министрінің орынбасары: "Төмен орбитадағы коммуникациялық желілер әлемде өзгеріс жасады. Біз де осы тақырыпқа басымдық беріп отырмыз. Жіңішке және жалпақ жолақтарда коммуникациялық желілерді іске қосу жобасын орындап жатырмыз",-деді.

2009 жылы 3 ақпанда Иранның "Үміт" атты алғашқы жерсерігі орбитаға шығарылды.