Ислам революциясы жетекшісі: АҚШ бүгін ешқашан есептемеген жерден соққыға ұшырады
https://itolqyn.com/news/iran-i58854-Ислам_революциясы_жетекшісі_АҚШ_бүгін_ешқашан_есептемеген_жерден_соққыға_ұшырады
1979 жылы 10 ақпанда имам Хомейниге тарихи адалдықтарының жылдығында Әуе күштері мен әуе қорғанысының бір топ қолбасшылары мен қызметкерлері сейсенбі күні таңертең Қарулы күштердің бас қолбасшысы аятолла Хаменеимен кездесті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 09, 2022 10:07 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі: АҚШ бүгін ешқашан есептемеген жерден соққыға ұшырады

1979 жылы 10 ақпанда имам Хомейниге тарихи адалдықтарының жылдығында Әуе күштері мен әуе қорғанысының бір топ қолбасшылары мен қызметкерлері сейсенбі күні таңертең Қарулы күштердің бас қолбасшысы аятолла Хаменеимен кездесті.

Қарулы күштердің бас қолбасшысы аятолла Хаменеи бұл кездесуде: «1979 жылы 7 ақпанда жас және жоғары лауазымды офицерлердің имамға тарихи адалдығын білдіруі бір адамға емес,   мақсаттарға, идеалдарға және қасиетті жиһадқа адалдық болды.  Қай жерде ақиқат күші күпірлікке қарсы шықса, дұшпан өзінің барлық көрінетін  күш-қуатына қарамастан, өз есебінде қателеседі. АҚШ бүгін ешқашан есептемеген жерден соққыға ұшырады. АҚШ-тың бұрынғы және қазіргі президенттері өз елінің беделіне нұқсан келтіруде»,- деді. Аятолла Хаменеи дұшпандардың Иранға қарсы басқыншылық және бірлескен соғысына тоқталып: «Біз де жауларға қарсы  қозғалысқа ие болып, жан-жақты қарсыласуымыз керек»,- деп сөзін жалғады. Ислам революциясы жетекшісі кездесудің басында елде коронавирустың жаңа толқынының таралуына назар аудартып, санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтап, маска тағу мен коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салуды қуаттап: «Мен дәрігерлер жариялаған нұсқауларды ұстанамын және  халықты медицина мамандарының   денсаулыққа қатысты айтқандарына назар аударуға шақырамын»,- деді.