«Хейбар-шекан» ұзақ қашықтыққа ұшатын зымыранының тұсаукесері өтті
Иран Ислам революциясы жеңісінің қырық үш жылдығын мерекелеумен қатар бүгін, сәрсенбі күні Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммад Бақери мен Сақшылар корпусы Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы сардар Амирәли Хаджизаденің қатысуымен «Хейбар-шекан» ұзақ қашықтық зымыран Ислам революциясы Сақшылар корпусының соңғы стратегиялық жетістігі ретінде көрсетілді.
Sepah News хабарлауынша, «Хейбар-шекан» стратегиялық зымыраны Ислам революциясы Сақшылар корпусының ұзақ қашықтыққа ұшатын зымырандарының бірегей ерекшеліктеріне ие үшінші буынының бірі болып табылады. Бұл зымыран қатты отыны пайдаланады, оның салмағы ұқсас үлгілермен салыстырғанда үштен біріне жеңілдеді, сондай-ақ оны дайындау және ату уақыты алтыдан біріне дейін қысқарды. Аса ептілік пен 1450 км қашықтықтағы нысанаға дәл соғу жылдамдығы – бұл зымыранның басқа мүмкіндіктері.