Джалили: АҚШ-тың барынша қысым көрсету саясаты сәтсіз аяқталды
Ақп 11, 2022 16:03 Asia/Almaty
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшесі АҚШ-тың Иран Ислам Республикасына қарсы барынша қысым көрсету саясатының сәтсіздікке ұшырағанын ашық айтты.
Саид Джалили бейсенбі күні кешке Иран теледидарының екінші арнасындағы арнайы сұхбатында американдықтар барынша қысым жасауда барлық күшін салғанына тоқталып: «Соңғы үш жылда Иран халқына барынша қысым көрсеткен дұшпанның басшылары бұл саясаттың сәтсіздікке ұшырағанын мәлімдеді. Жаудың жеңілгенін мойындауы – алға ілгерлеу тарихи алғышарт болса, басқа жағынан бүгін жеңілгенін мойындаған жау басқа жақтан енеді»,- деді.
Тегтер