22 баһманның қорытынды мәлімдемесі
(last modified Fri, 11 Feb 2022 12:58:30 GMT )
Ақп 11, 2022 18:58 Asia/Almaty
  • 22 баһманның қорытынды мәлімдемесі

1400 жылы 22 баһман күнгі шеруге қатысушылар өз мәлімдемесінде даму мен ілгерілеудің шыңдарын бағындырғанға дейін барлық жағдайда бірлік пен жанашырлықты сақтап, халықтың мәселелерін шешуге талпынуды қуаттады.

22 баһман күнгі шерушілер революцияның 43 жылдығын құрметтеп, имам, діни басшылық және шәһидтердің идеалдарымен келісімді жаңартқан мәлімдемесінде: «Ислам революциясы жетекшісінің парасатты  басшылығымен және революциялық көзқарасымен исламдық Иранның шәһидтер тәрбиелеген және Аллаға иман келтірген халқы жақсылыққа қол жеткізді. Азғын дұшпан бұқаралық ақпарат құралдары  өктемдігін пайдаланып, Иранның әртүрлі саладағы жетістіктерін маңызды емес көрсетуге тырысты»,- деп айтылды. Сондай-ақ мәлімдемеде ғылыми-техникалық, экономикалық және әскери салаларды нығайту, әсіресе Иран халқының ядролық құқықтарын толық жүзеге асыру және қорғаныс пен зымырандық қорғаныс өнеркәсібінің күшеюі баршаның талабы. Батыстың жоғары лауазымды басшыларының Иранның қорғаныс негіздеріне қатысты ұстанымдары айыпталды.

22 баһман шеруіне қатысушылар ұлттық бірлікті сақтауды қуаттап,   елдің ішіндегі және сыртындағы кез келген бөлшектеуші және бүлікшіл әрекеттерден бас тартуды ескертіп, Ислам әлемі мен Қарсыласу майданының Палестина мен басып алынған Құдсты қорғау ынтымақтастығын толық қолдауды мұсылмандардың бірінші мәселесі деп тапты. Сонымен қатар олар әл-Саудтың  режимі мен оның одақтастарының Йемендегі қатыгез қылмыстарын және халықаралық қоғамдастық пен адам құқықтарын талап етушілердің үнсіздігін айыптады.