Гильменд өзеніндегі Иранның су құқығын қамтамасыз ету
(last modified Sat, 12 Feb 2022 08:02:56 GMT )
Ақп 12, 2022 14:02 Asia/Almaty
  •  Гильменд өзеніндегі Иранның су құқығын қамтамасыз ету

Ауғанстандағы уақытша Талибан үкіметі Иранның сумен қамтамасыз етілуіне қатысты Гильменд келісіміне берік екенін растады.

1351 жылы Иран мен Ауғанстан арасында бекітілген бұл келісімге сәйкес, Гильменд өзенінің суындағы Иранның үлесі жылына 820 миллион текше метрге және секундына шамамен 26 текше метрге тең. Әрине, әр ай мен маусымда оның мөлшері ерекшеленеді. Иранның су құқығын қамтамасыз етеміз деген бұрынғы Ауғанстан үкіметі Гильменд өзенінде Нимроз  облысында Камал Хан бөгетін салу арқылы келісімнің орындалуына іс жүзінде тосқауыл қойды. Сөйтіп Иранның Гильменд өзенінің айналасындағы аймақта, әсіресе Систан мен Белучистан облысында адам, жануар және өсімдік әлеміне көп зиян келтірді. Су және қоршаған орта мәселелері маманы Мұхаммад Мир Ахмади: «Гильменд өзенінен су алу құқығы - Иранның заңды құқығы. Соңғы жылдары оған Иранға қарсы кейбір ағымдардың көзқарастары әсер етті»,- деді.

Ауғанстандағы Талибан уақытша үкіметінің шенеуніктері Иранның су үлесін қамтамасыз етуді қуаттайды   және  жақында олар Камал хан бөгетінен сужолын ашты. Бірақ айта кететін жайт, қазір Ауғанстанда жаңбырлы маусым және бөгеттер суға толы, зиян келмеу үшін бөгет суының бір бөлігін босату керек. Сонымен қатар, Талибан аймақтық және халықаралық тану үшін көрші елдердің назарын қажет етеді. Иран жағдайында да су құқығы мәселесі қазіргі уақытта Иран үшін маңызды болып, Талибан маневр жасап отыр.

Касем Тағизаде, шекара мәселелері жөніндегі сарапшы: ««Иранның сумен қамтамасыз етілуі 1351 жылғы келісімге сәйкес қамтамасыз етілу керек және оны саяси деп қарастырмау керек, өйткені Ауғанстан да Ирандағы Гильменд өзенінің құрғауынан зиян көреді»,- деді. Талибан Ауғанстанның жауапты билеушісі ретінде Кабул-Тегеран келісімінің орындалуын кешіктірмеуі керек. Сонымен қатар оны ешбір сөзсіз жүзеге асыру арқылы 1351 келісімін орындамаудың салдары болатынын толық түсінетінін көрсетуі керек. Және көрші ел ретінде екіжақты мәселелерге, соның ішінде көші-қон мәселесіне, шаңы Ауғанстанға да әсер етіп отырған аймақтың экожүйесін бұзуға назар аударады.