Амир Абдоллахиан: Егер батыс жағы шынайы болса, түпкілікті келісімге келуге болады
https://itolqyn.com/news/iran-i59204-Амир_Абдоллахиан_Егер_батыс_жағы_шынайы_болса_түпкілікті_келісімге_келуге_болады
Иран Сыртқы істер министрі: «Батыс тарап Венадағы келіссөздерде шынайы болса, бірнеше сағаттан аз уақыт ішінде қорытынды келісімге қол жеткізуге болады»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 23, 2022 18:21 Asia/Almaty
  • Амир Абдоллахиан: Егер батыс жағы шынайы болса, түпкілікті келісімге келуге болады

Иран Сыртқы істер министрі: «Батыс тарап Венадағы келіссөздерде шынайы болса, бірнеше сағаттан аз уақыт ішінде қорытынды келісімге қол жеткізуге болады»,- деді.

 

Хұсейн Амир Абдоллахиан Euronews телеарнасына берген сұхбатында Иранның Вена келіссөздерінде үлкен икемділік танытқанына тоқталып: «Иран үшін келісімнің мерзімі    Батыс тарапының шынайылығы мен бастамасына байланысты. Батыс тараптардың келіссөздер барысында және қиын кезеңдерінде келіссөз үстелінен кетуге мәжбүр болуы мүмкін екенін бірнеше рет мәлімдегеніне қарамастан, Иран Венадағы келіссөз үстелінде байыпты болып отыр»,- деп қуаттады.

Амир Абдоллахиан сондай-ақ Теһранның Ауғанстандағы уақытша Талибан үкіметіне қатысты саясаты туралы: «Иранның Ауғанстандағы жаңа жағдайды мойындау критерийі барлық этникалық топтардың қатысуымен инклюзивті үкімет құру болып табылады»,- деді.