Шамхани: Украина дағдарысы бәрімізге сабақ бола алады
Ақп 25, 2022 14:20 Asia/Almaty
ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Твиттердегі жеке парақшасында Батыс елдерінің Украина дағдарысынан сабақ алуы қажеттігін айтты.
Тасним ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Шамхани: «Еуропаның шығыс бөлігінде дағдарыс тууы салдарынан қаржы нарықтарында бағаның құлдырауы, қуат көздері бағасының айтарлықтай көтерілуі көрсеткендей, Еуразия құрлығының шығысындағы кез келген тұрақсыздық пен тынышсыздық Батыстың мүддесіне зор нұқсан келтіреді»,-деп жазды.
Шамхани: «Украина дағдарысы бәрімізге сабақ бола алады»,-деді.
ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Твиттердегі жеке парақшасында «Украина дағдарысы НАТО-ның арандатушы әрекеттерінен бастау алды» деп жазды.
Тегтер