Хатибзаде: ИИР АҚШ-ты мәңгі күтпейді
https://itolqyn.com/news/iran-i59350-Хатибзаде_ИИР_АҚШ_ты_мәңгі_күтпейді
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «ИИР келісімге дайын, бірақ мәңгілік күтпейді»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 01, 2022 19:15 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: ИИР АҚШ-ты мәңгі күтпейді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «ИИР келісімге дайын, бірақ мәңгілік күтпейді»,- деді.

Саид Хатибзаде сейсенбі күні таңертең АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілінің «Теһран қатаң қарайтын болса, Вашингтон келіссөздерден шығуға дайын» деп қорқытқан сөздеріне жауап ретінде: «АҚШ бірнеше жыл бұрын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықты, сондықтан бұл оқиғаның қайталанбауын қамтамасыз ету керек»,- деп жазды. Хатибзаде фанатизм мен қоқан-лоққының  нәтижеге әкелмейтінің және шешімнің нәтиже беретінін қуаттап: «Барлық елдердің өздері үшін  балама нұсқалары бар. Дегенмен, АҚШ-тың баламасының бос екендігі қазірдің өзінде дәлелденді»,- деді.