Шамхани: Сионистік режим - ислам мен араб әлемінің ең үлкен дұшпаны
(last modified Sat, 05 Mar 2022 11:22:22 GMT )
Нау 05, 2022 17:22 Asia/Almaty
  • Шамхани: Сионистік режим - ислам мен араб әлемінің ең үлкен дұшпаны

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Иранның Сауд Арабиясымен келіссөздерге белсенді қатысуын Ислам Республикасының көршілерімен ынтымақтастық пен достық орнатудағы принципті стратегиясының нәтижесі деп атап, сионистік режимді ислам және араб әлемі ең үлкен дұшпаны деп атады.

Әли Шамхани сенбі күні Twitter-де Иран-Сауд келіссөздері мен Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммад бен Салманның сионистік режиммен қарым-қатынасы туралы соңғы сөздеріне сілтеме жасап: «Иранның Иракта өтетін Сауд Арабиясымен екіжақты келіссөздерге белсенді түрде қатысуы Ислам Республикасының көршілерімен өзара және аймақтық мүдделерді қамтамасыз ету негізіндегі ынтымақтастықтағы принципті стратегиясынан туындайды»,- деді.

Осы уақытқа дейін Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы келіссөздердің төрт кезеңі Иракта өтті.