Иран Израильдің Дамаск шетіндегі зымырандық шабуылын айыптады
(last modified Wed, 09 Mar 2022 11:23:39 GMT )
Нау 09, 2022 17:23 Asia/Almaty
  • Иран Израильдің Дамаск шетіндегі зымырандық шабуылын айыптады

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сионистік режимнің Дамаск шетіндегі зымырандық шабуылындағы басып алу және террор сияқты қылмыстық әрекетін қатаң айыптады.

 

IRNA-ның сәрсенбі күнгі мәліметі бойынша,  Саид Хатибзаде Ислам революциясы Сақшылар корпусының қасиетті кесенені қорғаушы екі күштің шәһид болуына әкеліп соқтырған сионистік режимнің Дамаск шетіндегі зымырандық шабуылда жасаған қылмысынан кейін   балаларды өлтіріп жатқан сионистік режимнің қастандық әрекеттерін жауапсыз қалдырмаудың маңыздылығына тоқталды.  Ол: «Израильдік апартеид режимді адамзатқа қарсы қылмыстары үшін жауапқа тарту аймақтағы қарсыласушылардың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады»,- деді.

Сионистік режимнің дүйсенбі күні таңертең Бейруттің оңтүстігінен Дамаск қаласының шетіне жасаған зымырандық шабуылында қасиетті мекенді қорғаған екі сақшысы шәһид болды.