Амир Абдуллахиан: АҚШ-тың жаңа талаптар қоюына ешқандай қисынды негіз жоқ
(last modified Fri, 11 Mar 2022 10:06:36 GMT )
Нау 11, 2022 16:06 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: АҚШ-тың жаңа талаптар қоюына ешқандай қисынды негіз жоқ

ИИР Сыртқы істер министрі бейсенбі күні Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Джозеф Боррелмен телефон арқылы сөйлесуінде негізгі мәселелер мен санкциялардың тиімді жойылуына АҚШ-тың ысырапшылдығы әсер етпеуі керектігін баса айтып: «АҚШ-тың жаңа талаптар қоюына ешқандай қисынды негіз жоқ»,- деді.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл телефон сұхбатында Хұсейн Амир Абдоллахиан АҚШ-тың өзінің қоғамдық пікіріне қысым жасау сылтауымен үйлестіруші арқылы күн сайын Иранға жаңа және әртүрлі хабар жеткізе алмайтынын қуаттап: «Америкалық тараптың қоғамдық пікір мәселесі болса, бізде де Иранда қоғамдық пікір проблемасы бар екенін айтуымыз керек. Олар оқиғаларды аса сезімталдықпен және дәлдікпен бақылайды және үкіметті жауап беруге,  санкцияларды тиімді жоюға және бейбіт ядролық әлеуетті қорғауды талап етеді»,- деп мәлімдеді.

Жозеп Боррель:  «Венадағы келіссөздер маңызды кезеңде, енді АҚШ пен Иран хабар алмасуда икемді болып,   уақыт шектеулерін еңсеруге талпынулары керек», - деді.