Иран: Кешайе Ешкеварат ауылы
(last modified Sun, 13 Mar 2022 13:40:42 GMT )
Нау 13, 2022 19:40 Asia/Almaty

Кешайе Ешкеварат ауылы Иранның Гилян облысындағы Рахимабад қаласы маңында орналасқан.

Кешайе Ешкеварат ауылы – Наурызда туристер баратын жерлердің бірі.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Кешайе Ешкеварат ауылының үйлері мен табиғаты туристік тартымдылық болып саналады. Әдемі табиғи панорама көруге тұрарлық.

Жыл сайын көктем келгенде Кешайе Ешкеварат ауылының әйелдері көне үйлердің қабырғасын балшықпен сылап, Наурызды қарсы алуға дайындалады.

Кешайе Ешкеварат ауылы үйлерінің көбі саз балшықтан жасалған. Ешкеварат Гилянның таңғажайып жері деген атпен танымал.