Керманшахта Наурыз мерекесі тойланды
Сәрсенбі күні Керманшахтың "Тақ бустан" тарихи кешенінде түрлі елдердің елшілері мен облыс әкімшілігі басшыларының қатысуымен Наурыз жаһандық рәсімі өтті.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл мерекелік шара Иранның батысындағы Теһран-Хамадан-Керманшах-Санандадж жолында орналасқан мәдени-туристік әлеуеттерді отандық және халықаралық деңгейде көбірек таныстыру үшін өткізілді.
Наурыз жаһандық рәсімі Керманшахтағы екі тарихи жер – Анахита ғибадатханасы мен Бистун тауында өтті.
Айта кету керек, осы шараның соңында Иранда тұратын түрлі этнос өкілдері Наурызға арналған мерекелік бағдарламалар орындап, ән айтып, ұлттық аспаптарда ойнады.
Ирандық әйелдер мен ерлер әдемі ұлттық киім киіп, дағыра аспабында ойнап, мерекелік шараның көркін келтірді.