Ислам революциясы жетекшісі: Иран халқы үстемшілдікпен күресте дұрыс таңдау жасады
(last modified Mon, 21 Mar 2022 19:25:51 GMT )
Нау 22, 2022 01:25 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі: Иран халқы үстемшілдікпен күресте дұрыс таңдау жасады

Ислам революциясы жетекшісі Ауғанстан, Украина және Йеменде болып жатқан жаһандық мәселелерге тоқталып: «Бұл оқиғалардың барлығы Иран халқының үстемшілдікпен күрестегі заңдылығы мен дұрыс таңдауын көрсетеді»,- деді.

Діни жетекші кеңсесінің ақпарат тарату базасының мәліметінше, Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дүйсенбі күні 1401 жылдың бірінші күні тікелей эфирде   сөйлеген сөзінде Наурыз мерекесімен және хиджри-шамси күнтізбесіндегі жаңа ғасырдың басталуымен құттықтап, қазіргі уақытта орын алып жатқан жаһандық мәселелерге және олардың барлығы жоспарлауды, қозғалысты, шешімді және әрекетті талап ететініне тоқталып: «Әлемнің өзекті мәселелеріне көз жүгіртсек, Иран халқының үстемшілдікке қарсы күресінің  заңдылығы мен ақиқаттығы айқындала түседі»,- деп мәлімдеді. Аятолла Хаменеи Иран халқының үстемшілдік майданына қарсы таңдауын «қарсыласу, берілмеу және тәуелді болу, тәуелсіздікті сақтау және жүйе мен елдің ішкі нығаюы» деп қуаттап, бұл шешімдердің ұлттық және дұрыс екенін қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі Алла Тағаланың Иран халқының үміті  үшін көмектескеніне тоқталып: «Дұшпандар Иран халқының үмітіне ызалансын»,- деді. Ол зорлық-зомбылық көрген мұсылман елі Ауғанстанның жағдайына және 20 жылдық қысым мен қылмыстан кейінгі америкалықтардың  бұл елден шығу әдісіне назар аудартып: «Украина оқиғасы тағы бір мысал. Билік басына Батыс әкелген бұл елдің президенті оларға өткір үнді пайдалануда»,- деп сөзін жалғады.

Ислам революциясы  жетекшісі Йемен жағдайы мен бұл елдің төзімді халқының күнделікті бомбалардың астында қалуына, басқа жағынан Сауд Арабиясының 80 жас пен жасөспірімді өлім жазасына кесуіне тоқталып: «Бұл жағдайлардың барлығы дүниенің қараңғылығын және әлемді билейтін қанішер қасқырларды көрсетеді»,- деп баса айтты.  Аятолла Хаменеи Батыс нәсілшілдігінің әшкереленуін Украина істерінің бір қыры деп біліп: «Қараларды ақтардан ажыратып, оларды пойыздан түсіру немесе Батыстың өз БАҚ-тарында соғыстың Таяу Шығыста емес Еуропада орын алуына   өкініштерін ашық білдіру Батыстың ашық нәсілшілдігінің мысалдары болып табылады»,- деп мәлімдеді. Аятолла Хаменеи Батыс әлеміндегі екіжүзділіктің  тағы бір мысалы ретінде олардың елдерге қысым көрсету әдістеріне назар аудартып: «Егер зұлымдық оларға тәуелді елдерде орын алса, олар мүлде реакция көрсетпейді, сондай-ақ барлық қысымға қарамастан, олар да адам құқығы туралы уәжденіп,  осы жалған талаппен тәуелсіз елдерден төлем талап етеді.  Бүгінгі күн – озбырлық пен үстемшілдіктің қазіргі тарихындағы ең ұятсыз және қатыгез кезеңдердің бірі және әлем халқы бұл езгілер мен екіжақтылықтарды тікелей бақылап отыр»,- деді.

 

Тегтер