Бүгін – АҚШ армиясының Табас даласында Иранға жасаған шабуылының жеңіліске ұшыраған күні
(last modified Sun, 24 Apr 2016 08:07:36 GMT )
Сәу 24, 2016 14:07 Asia/Almaty
  • Бүгін – АҚШ армиясының Табас даласында Иранға жасаған шабуылының жеңіліске ұшыраған күні

Бүгін 2016 жылдың cәуір айының жиырма төрті (5 ордибехешт) – АҚШ армиясының Табас даласында Иранға жасаған шабуылының жеңіліске ұшыраған күні.

36 жыл бұрын осындай күні, х.ш.ж.с.б. 1359 жылдың ордибехешт айының бесі күні АҚШ бірнеше тікұшақ және ұшақпен Иран жеріне шабуыл жасады.

Иран Ислам республикасының жүйесін құлату аясында әртүрлі тәсілдер қолданудан нәтижеге жетпеген АҚШ үкіметі 1979 жылдың қараша айының төрті күні АҚШ-тың «тыңшылық ұясын» басып алу кезінде қолға түскен тұтқындарын құтқару мақсатында Иранға шабуыл жасады.

Табасқа әскери шабуыл нақты жоспар, дамыған қару-жарақтар мен америкалықтардың осыған ұқсас жерде өткізген көптеген жаттығуларына қарамастан Табас қаласы маңындағы шөл далада құмды дауылдың тұруына байланысты жеңіліс тауып, АҚШ-тың бірнеше тікұшағы мен ұшағы өртке оранып, бірқатар әскериі қаза тапты, ал қалғандары масқараға ұшырап Иран жерінен қашты.

Құмды дауыл алдын ала барлық төтенше жағдайларға дайындалып, ауа-райының жағдайын да тексерген АҚШ басшыларын қапыда қалдырды.