Теһран жұма намазының имамы: 1401 жылы АҚШ Ираннан тағы бір жеңілісін күтуі керек
(last modified Sat, 26 Mar 2022 01:51:25 GMT )
Нау 26, 2022 07:51 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының имамы: 1401 жылы АҚШ Ираннан тағы бір жеңілісін күтуі керек

Теһран жұма намазының имамы мейілінше қысым көрсету саясатының сәтсіздігі мен АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысының жеңілісті мойындауына тоқталып: «1401 жылы АҚШ Ираннан тағы бір жеңілісін күтуі керек»,- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  аятолла сейіт Ахмад Хатами имам Хомейни атындағы діни-мәдени кешенде өткен осы аптаның   жұма намазында жаңа жылдың атауына тоқталып: «Жылдарды атау ырым мен ұран емес, басшыларға және халыққа жол картасы. Ислам революциясы жетекшісі биылғы жылды «Өнідіріс: білімге негізделген және жұмыспен қамтушы» жыл деп атады. Бұл дегеніміз, бізде өндіріске ғылыми-технологиялық көзқарас болуы керек. Өйткені бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, өнімділік пен өнім сапасы артып, бәсекеге қабілетті болады, сонымен бірге өзіндік құн да төмендейді»,- деді. Теһран жұма намазының имамы Ислам революциясы жетекшісінің он жылға жуық уақыт бойы жылдарды атауда экономикалық мәселелерге баса назар аударғанын еске салып: «Бұл өте өзекті мәселелер және жау осылайша соққы бергісі келеді. Бірақ Исламның басында екіжүзділер мен дұшпандардың талпыныстары сәтсіз қалған сынды бұл кезеңде де Ислам жүйесі олардың талпыныстарын сәтсіз етеді»,- деп мәлімдеді.