Наурыз кезінде Иранда теңіз туризмі дами түсті
(last modified Mon, 28 Mar 2022 08:13:08 GMT )
Нау 28, 2022 14:13 Asia/Almaty

Биылғы Наурызда Иранда теңіз туризмі қайта қарқын алып, демалыс күндері елдің оңтүстігіндегі Хормозган облысында орналасқан аралдарға теңіз сапарлары артты.

Бұл күндері кемелер туристер, жолаушылар мен көліктерді Афтаб айлағынан Киш аралына жеткізіп жатыр. Чарак пен Афтаб – Киш аралына апаратын екі айлақ.   

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранда Наурыз кезіндегі теңіз сапарларын басқару штабының басшысы Хұсейн Аббаснежад: «2022 жылдың 16 наурызынан осы күнге дейінгі сапарлар саны 2 млн-нан асты. Өткен екі жылмен салыстырғанда теңіз жолаушылары 15 пайызға артты»,-деді.