Илам облысындағы Сеймаре тарихи қаласы
(last modified Mon, 28 Mar 2022 09:46:12 GMT )
Нау 28, 2022 15:46 Asia/Almaty

Сеймаре тарихи қаласы Иранның батысындағы Дәррешәһр ауданының оңтүстік-шығысындағы орналасқан. Бұл қала Илам облысындағы ең ірі тарихи орын саналады.

200 га жерді алып жатқан Сеймаре қаласы – Илам облысында тіркелген алғашқы тарихи жерлердің бірі.  Қазба жұмыстары бойынша қала ислам дәуірінің алғашқы ғасырларына тиесілі. Ол х.қ.ж.с.б. 334 жылы болған жерсілкінісі салдарынан қирап, босап қалды.