Генерал-майор Салами: Иран дұшпанның кез келген тентектігіне кесімді жауап береді
https://itolqyn.com/news/iran-i59944
Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы: «Иран дұшпанның кез келген тентектігіне кесімді жауап береді»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 28, 2022 18:11 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Салами: Иран дұшпанның кез келген тентектігіне кесімді жауап береді

Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы: «Иран дұшпанның кез келген тентектігіне кесімді жауап береді»,-деді.

Генерал-майор Салами Иранның оңтүстік-батысындағы Хузистан облысында орналасқан «Вальфаджр-8» ескерткішін көріп қайтып, Қасиетті Қорғанысқа арналған ескерткіштерге жастардың көп келетініне тоқталып: «Исламдық Иранның қазіргі абырой-айбыны, ұлылығы мен тәуелсіздігі шәһидтердің ерлігіне қарыздар»,-деді.

Сақшылар корпусының қолбасшысы: «Қазір таңда ИИР күш-қуатының тұғыры мықты. Иран әлемде жарқырай көрінуде. Осы салтанаттың бәрі шәһидтердің жанкешті ерліктерінің арқасында мүмкін болып отыр»,-деді.