Хашеми: Иран әлемдік қауымдастықпен әріптестік пен ынтымақтастық жасауды көздейді
ИИР-ның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы: «ИИР әлемдік қауымдастықпен әріптестік пен ынтымақтастық жасауды көздейді»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Хашеми Рафсанджани сенбі күнгі алқа отырысында: «Иран өз халқы мен ішкі қабілеттерге сүйене отырып, барлық күш-қуатымен кез-келген жағдайда өзінің тәуелсіз саясаттарын жалғастыруды мақсат етіп, әлемдік қауымдастықпен әріптестік пен ынтымақтастық жасауды да көздейді»,-деп қуаттады.
Аятолла Хашеми Рафсанджани «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына тоқталып: «Еуропаның банк жүйесі мен Иран арасындағы банк және сауда саласындағы алыс-берістер жолында туындаған кедергілер мен кейбір мәселелер шешілді. АҚШ бұдан былай Еуропа елдерінің банк қатынасы мен сауда айналымына кедергі болмайтынын ресми түрде жариялады. Бұл елдер Иранмен банкаралық қатынас және сауда жасай алады.
Америкалықтардың өздерінің шешімін күтіп отырған қиындықтары жетерлік»,-деді.