Күрд музыкасының фестивалі өтті
(last modified Thu, 31 Mar 2022 16:01:11 GMT )
Нау 31, 2022 22:01 Asia/Almaty

Наурыз демалыстарымен бір мезгілде Күрд музыкасының төртінші фестивалі Иранның күрдтер тұратын түрлі аудандарынан 12 топтың қатысуымен Күрдістан облысының Бане қаласында үш күн бойы өтті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Чалак Бане» тобы Күрд музыкасының төртінші фестивалінде бірінші орынға ие болды. Бане қаласындағы жүздеген жолаушы мен турист осы мәдени шараны тамашалады.

Иранның батысы мен солтүстік-батысындағы күрдтер тұратын аудандар биылғы Наурыз мерекесінде жолаушылар мен туристерді қабылдады. Олар аймақтың тарихи және туристік тартымдылықтарын көрумен қоса, осы халықтың өнері және мәдениетімен танысады.