12 фарвардин (1 сәуір) – Исламдық Иранда діни демократия орнаған күн
(last modified Fri, 01 Apr 2022 09:27:55 GMT )
Сәу 01, 2022 15:27 Asia/Almaty
  • 12 фарвардин (1 сәуір) – Исламдық Иранда діни демократия орнаған күн

Жыл сайын көктемнің он екінші күні Иран халқының салтанатты референдумын еске түсіреді. Бұл күні Иран халқы ислам республикасы атты билік жүйесін құрып, елде діни демократия орнатты.

1979 жылы 1 сәуірде өткен ИИР жүйесіне қатысты референдумның нәтижесі бойынша, дауыс бергендердің 98 пайыздан астамы ислам республикасын құруға келісім берді.

1979 жылы ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) шақыруымен жүйе таңдауға қатысты референдум 10-11 фарвардинде елдің түкпір-түкпірінде өтті. 20 млн ирандық Ислам революциясы жеңісінен 50 күн өткеннен кейін сайлау учакелеріне барып, ресми түрде Пехлеви режимінің орнын Ислам республикасы жүйесімен алмастырды.

1979 жылы 1 сәуір Иранның ресми күнтізбесінде «Иран ислам республикасының күні» деп аталған. Бұл күні Иран халқы 98,2 пайыз дауыспен елдің саяси-әлеуметтік құрылымын өзгертіп, Ислам республикасы орнады.