Хатибзаде: АҚШ біздің қызыл сызықтардан аттамайтынымызды білуі керек
https://itolqyn.com/news/iran-i60108
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы: «Жасалар келісім көп. АҚШ біздің өз қызыл сызықтарымыздан аттамайтынымызды білуі керек»,-деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 04, 2022 19:58 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: АҚШ біздің қызыл сызықтардан аттамайтынымызды білуі керек

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы: «Жасалар келісім көп. АҚШ біздің өз қызыл сызықтарымыздан аттамайтынымызды білуі керек»,-деп қуаттады.

Саид Хатибзаде дүйсенбі күні х.ш.ж.с.б. 1401 жылдың алғашқы баспасөз отырысында: «Егер АҚШ Венада келісім жасалғанын қаласа, тез арада саяси шешім қабылдауы тиіс»,-деді.

Хатибзаде АҚШ-тың жаңа санкциялары мен Вена келіссөздеріндегі жағдайға тоқталып: «АҚШ осындай қарама-қайшы әрекеттер көп жасайды»,-деді.

Хатибзаде: «Венадағы жағдай АҚШ-тың қатынасына қатысты. АҚШ қалған тақырыптарды ішкі мәселелермен байланыстыруға талпынып жатыр. Иран мен ирандықтар мәңгі бақи сабырлы бола алмайды»,-деді.