Сәу 06, 2022 21:14 Asia/Almaty
  • 20 фарвардин - Иранның ядролық дамуы туралы жан-жақты стратегиялық құжатты жарияланатын күн

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы: «Иранның ядролық дамуының жан-жақты стратегиялық құжаты шамси күнтізбесі бойынша, 1401 жылдың 20 фарвадинінде (2022 жылдың 9 сәуірінде) жарияланады»,- деді.

 

Мұхаммад Ислами сейсенбі күні: «Бұл құжат ядролық технологияның барлық аспектілеріне, Иранның әртүрлі салалар мен секторлардағы индустрияландыруына назар аударады. Осы құжаттың негізінде отын айналымына, сандық және сапалық мақсатты бағыттауға қатысты процестер орындалды және қолданыстағы қуаттардан басқа ядролық энергетиканы талқылауда біз 10 000 МВт-қа дейінгі қондырғыларды салуды болжадық»,- деді. 1385 жылдың 20 фарвардині ИИР-ның ядролық өнеркәсібі тарихындағы бетбұрыс кезеңі және Иранға қарсы барлық қысымшылық санкцияларға қарамастан, ирандықтардың ядролық қуатқа ие болу ұлттық мақтаныштарын еске салады. Бұл күні Иранның бейбіт ядролық технология мен уранды байыту тізбегін толық меңгергені жарияланды. Барлық санкциялар мен қасақаналықтарға қарамастан, Иран ядролық отын өндірудің толық цикліне қол жеткізе алды. Центрифугалардың жаңа буынына қол жеткізіп, оны АҚХА-не жариялаумен ол уранды байыту технологиясы бар елдердің біріне айналды және Ядролық клубқа мүше елдер қатарына қосылды.

Ядролық технология – жаңа технологиялардың дамуына және жаңа өндірістердің дамуына үлкен үлес қосатын негізгі технологиялардың бірі. ИИР жергілікті мамандардың қабілетіне сүйене отырып, ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалануға көшті және бұл энергияны бейбіт және өнеркәсіптік мақсатта пайдаланудан басқа мақсаты жоқ екенін шын ниетпен дәлелдеді. Соған қарамастан, Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық энергиядан пайда алуына жол бермеу үшін АҚШ бастаған дұшпандардың саяси және экономикалық қысымы Иранның ұлттық қуатына нұқсан келтіру  түпкі мақсатымен жалғасуда. Ислам революциясы  жетекшісі  аятолла Хаменеи 1399 жылдың 4 эсфандында Хобрегон мүшелерімен кездесуінде:   «Олар (батыстықтар) біз ядролық қаруға қарсымыз дейді, олар өтірік айтады, бұл олардың да мәселесі емес. Олардың көпшілігі немесе барлығы біздің ядролық қару  шығаруды көздемейтінімізді білетін болар. Олар Ираннан билік құдыретін алғысы келеді»,- деді.

Атом өнеркәсібі өнеркәсіптің әртүрлі салаларында, медицинада, тамақ өнеркәсібінде, қоршаған ортаны қорғауда, сондай-ақ таза энергиямен қамтамасыз етуде қолданылуының артуына байланысты көптеген елдерді қызықтырады.

 

 

Тегтер