Иранда алғаш рет SMA дәрісі өндіріледі
Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек ұйымының басшысы: «Биыл (х.ш.ж.с.б. 1401 жылы) алғаш рет SMA ауруына қарсы дәрі өндіріледі»,-деді.
SMA ауруы немесе омыртқа бұлшық етінің атрофиясы – генетикалық аурулардың бір түрі. Бұлшық еттер әлсіреп, қозғалуда қиындықтар туындайды. Дәрінің жоқтығы аурудың асқынуына алып келеді.
Бұл ауру генетикалық жолмен балаларға беріледі. Ол баланың төрт аяқтап жүру, отыру, жүру және басын қозғалту қабілетіне әсер етеді. Ал ауру ушыққанда тыныс алуға қатысатын бұлшық еттерге зиян тигізе алады.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда елде SMA ауруына шалдыққан 500 науқас анықталған. Науқастардың дәрі тұтыну көлемі әрбір науқастың салмағына (кг) сай есептеледі.