Амир Абдуллахиан: Иранның қаражатын босату туралы келісім жасалды
Иран Сыртқы істер министрі: «Шетелдік банктердің бірінде Иранның қаражатын босату туралы келісім жасалды. Сейсенбі күні бір елдің делегациясы орындау үдерісін бақылау үшін Теһранға келіп, келіссөздер жүргізіп, белгілі бір соманы босату тәсілі мен уақыты туралы бастапқы келісім жасалды»,-деді.
Хұсейн Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні Теһрада Ирактың Сыртқы істер министрі Фуад Хұсейнмен ортақ баспасөз отырысында екі ел арасында визаны алып тастаудың маңыздылығын атап өтті.
Амир Абдуллахиан Ауғанстандағы өзгерістерге тоқталып: «Иран Ауғанстанда барлық қауымдардың қатысуымен инклюзивті үкімет құруды қолдайды»,-деді.
Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Йеменде атысты тоқтату бітімі орнағанын қолдап, қоршауды жойып, йемендік топтар арасында диалог өткізу қажеттігін айтты.
Фуад Хұсейн Иран мен Ирак қауіпсіздігінің өзара байланысты екенін айтып: «Ирандық бауырлардан кейбір қауіпсіздік мәселелеріне қатысты арыз- шағым түсті. Осыған қатысты тікелей сұхбаттасып, мәселелерді дипломатиялық жолмен шешу керек»,-деді.