Иран мен Сирия Сыртқы істер министрлері пікір алмасты
(last modified Fri, 22 Apr 2022 09:04:14 GMT )
Сәу 22, 2022 15:04 Asia/Almaty
  • Иран мен Сирия Сыртқы істер министрлері пікір алмасты

Иран Сыртқы істер министрі Сирия Сыртқы істер министрімен екіжақты алаңда ортақ алаңдаушылық тудыратын мәселелер мен кейбір аймақтық және халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдоллахиан  кеше, бейсенбі Фейсал Миқдадпен телефон арқылы сөйлесуінде сионистік режимнің әл-Ақса мешітін  қорлау әрекетін қатаң айыптай отырып: «Біз күн сайын әл-Ақса мешітінде сионистердің қылмыстарын көріп отырмыз»,- деді. Иран Сыртқы істер министрі сөзінің жалғасында Дүниежүзілік әл-Құдс күні қарсаңында Ислам әлемінің үкіметтері мен парламенттері және мұсылман елдерінің жеке тұлғалары Палестина мен қасиетті Құдсты қорғау және сионистік басқыншылықты айыптау үшін күшті жолдау жолдайтынына үміт білдірді.

Фейсал Миқдад: «Имам Хомейнидің Құдс күнін жариялауы әрбір құрметті және абыройлы адам құрметтейтін жаһандық оқиғаның қалыптасуына себеп болды»,- деді.

 

 

Тегтер