Сәу 27, 2022 01:39 Asia/Almaty
  • Бүгін Теһранда Денсаулық және өнер тобының 8 жылдық мерейтойы тойланды

Теһран қаласындағы Балаларға арналған медициналық орталықта USERN (Universal Scientific Education and Research Network) желісінің бір тармағы саналатын HEART (Health and Art) денсаулық және өнер тобы өзінің сегіз жылдығын атап өтті.

Бұл мерекелік шара Теһран медицина университетінің профессоры әрі Денсаулық және өнер тобының жетекшісі доктор Нима Резаи және ECO-ART галереясының басшысы әрі USERN желісінің Ирандағы ресми өкілі Лида Саиди тарапынан ұйымдастырылды.

Universal Scientific Education and Research Network

Денсаулық және өнер тобының мақсаттары – халыққа жақсырақ медициналық қызмет көрсету үшін өнерге жағдай жасау, медициналық қызметкерлерді  өнердің денсаулыққа әсері жайлы хабардар ету, науқастар үшін сөзсіз тәсілдермен сезімдерін жеткізуге жағдай жасау, өмірдің жағымды жақтары мен қуанышын сезінуге жағдай жасау, науқастардың қобалжуын азайтып, дертін бақылауға алып, өздерінің қажет екенін сезініп, өз-өзіне сенімін арттыру, медициналық орталықтарда тыныш, жайлы және үмітке толы кеңістік тудыру.

Тегтер