Тасымалдау саласындағы Иран-Ресей ынтымақтастығы кеңейеді
Сәу 27, 2022 16:16 Asia/Almaty
Иранның Жол және қала құрылысы министрі Иран мен Ресейдің көлік саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейту туралы хабарлады.
Сейсенбі күні Мәскеуге келген Рустам Қасеми екі ел арасындағы келісімдер және екі ел арасындағы тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы хабарлап: «Бақытымызға орай, соңғы апталарда Иран мен Ресейдің жан-жақты қарым-қатынастары айтарлықтай серпінді болды. Келіссөздердің күн тәртібінде теміржол, теңіз, автомобиль және әуе көлігі саласындағы бұрынғы келісім-шарттарды аяқтау да бар. Ресей Көлік министрімен кездесуде көлік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдарын қарастырумен қатар, әсіресе транзит мәселесін талқылаймыз»,- деді.
Тегтер