Сардар Каани: Халықаралық қарсыласу майданы құрылып, күн сайын дамып келеді
https://itolqyn.com/news/iran-i60688
Ислам революциясының Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштерінің қолбасшысы: "Қазіргі таңда ислам әлемінде халықаралық қарсыласу майданы құрылып, күн сайын дамып келеді",-деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 29, 2022 17:45 Asia/Almaty
  • Сардар Каани: Халықаралық қарсыласу майданы құрылып, күн сайын дамып келеді

Ислам революциясының Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштерінің қолбасшысы: "Қазіргі таңда ислам әлемінде халықаралық қарсыласу майданы құрылып, күн сайын дамып келеді",-деп қуаттады.

Сардар Исмаил Каани Дүниежүзілік Құдс күніне орай Мешхедтегі имам Реза (ғ.) кесенесінде сөйлеген сөзінде: "Дүниежүзілік Құдс күні – әрбір мұсылман үшін жылдың ең жақсы әрі ең мағыналы күндерінің бірі",-деді.

Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы: "Құдс күні – дүниежүзілік күн. Ол тек Құдсқа арналған. Бұл – мазлұм жандардың үстемшілдерге қарсы күрес күні. Бұл – ислам қайта жанданатын күн",-деді.