Қазвин облысының көрнекті жерлері
(last modified Thu, 05 May 2022 10:27:11 GMT )
Maм 05, 2022 16:27 Asia/Almaty

Қазвин облысы бір жағынан далаға, екінші жағынан Альборз тауларына ұласып жатыр. Қазвин қаласында туристер қызығатын тарихи және табиғи тартымдылықтар көп.

Қазвин аймағында адамдардың б.з.д. төртінші және бесінші мыңжылдықтарда қоныс тепкенінің белгілері бар. Кейбір дереккөздерінде айтылғандай, Қазвин Мадтар мемлекетінің бір бөлігі болған. Бірақ Қазвин қаласының тарихы Сасанилер кезеңінен басталады.

Қазвин базары, Орталық мешіт, Аламут қамалы, Қаджар моншасы, ән-Нәби мешіті, Чеһелсутун сарайы, Аминилер хұсейниесі, Хамдулла Мостуфидің кесенесі, шахзада Хұсейн мазары осы қаладағы туристік тартымдылықтардың қатарына жатады.  

Қазвиннің баклавасы, тәтті наны мен шай наны – осы қаланың дәмді сәлем-сауқаты.