Генерал-майор Салами: Америкалықтардың Ислам революциясы Сақшылар корпусына деген өшпенділігі таусылмайды
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: «Америкалықтардың Ислам революциясы Сақшылар корпусына деген кегі мен осы революциялық күшке деген өшпенділігі шынайы әрі таусылмайды»,- деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы Хұсейн Салами бейсенбі күні имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінде Ислам революциясы Сақшылар корпусының Құран жарысының жабылу салтанатында АҚШ Сенатының Сақшылар корпусы қарсы санкцияларының жойылуына жол бермеу мақсатында Иранға қарсы екінші жобасын бекітуіне тоқталып: «Америкалықтардың Сақшылар корпусын жек көруі және олардың өшпенділігі табиғи нәрсе»,- деп мәлімдеді. Генерал-майор Салами сондай-ақ Ислам революциясы жетекшісінің мәлімдемелері бойынша жаппай қырып-жою қаруы үшін Ислам логикасында орын жоқ екеніне назар аудартып: «Ислам революциясы жетекшісінің мәлімдемесі тактика емес, Исламның бұйрығы екені даусыз. Ддіни жетекшінің ядролық қаруы бар державаларға қарсы ұстанымы осындай, ол Алланың уахиларын орындау үшін жаппай қырып-жою қаруына тыйым салды. Бұл оның Құранға сай тәрбиесін көрсетеді»,- деді.