Maм 06, 2022 17:17 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының имамы: Сионистер бүгін қарсыласу тобының қоршауында

Теһран жұма намазының имамы: «Сионистік дұшпан Исламдық қарсыласу тобының қоршауында», - деді.

Сейед Мұхаммад Хасан Абутурабифард Палестинаның қазіргі таңда ислам әлеміндегі бірінші мәселе екеніне тоқталып: «Басып алынған аумақтар мен бақылау-өткізу бекеттеріндегі адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге қарамастан, 200 мыңнан астам адам Құдстағы жұма намазына қатысты, бұл өте үмітті мәселе және Ислам дұшпандары үшін   үмітсіздік тудырды. Бүгінгі таңда сионистер Газа секторында, Иордан өзенінің батыс жағалауында, Ливанның исламдық қарсыласуы, Ирактың Хашад аш-Шаби және Йеменнің ержүрек жауынгерлері мен Исламдық қарсыласу тобының қоршауында. Жағдай мүлде басқаша және бұл жол сионистік режим дереу құлатылғанға дейін жалғасады. Халықтың Құдс күні шеруіне қатысуы осы мұратқа жол ашты»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер