Иран Әскері үйлестірушісінің орынбасары: Иран ұшақ жасау технологиясына жетті
https://itolqyn.com/news/iran-i60866-Иран_Әскері_үйлестірушісінің_орынбасары_Иран_ұшақ_жасау_технологиясына_жетті
ИИР Әскері үйлестірушісінің орынбасары Иранның ұшақ жасау технологиясына жеткенін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 07, 2022 16:38 Asia/Almaty
  • Иран Әскері үйлестірушісінің орынбасары: Иран ұшақ жасау технологиясына жетті

ИИР Әскері үйлестірушісінің орынбасары Иранның ұшақ жасау технологиясына жеткенін қуаттады.

ИИР Әскері үйлестірушісінің орынбасары адмирал Хабиболла Сайари элиталық мемлекеттік қызметтің сегізінші іріктеу кезеңінің ашылу салтанатында: «Авиация саласында біз армияның, қарулы күштердің және еліміздің жоғары оқу орындарының күшіне сүйене отырып, жаңа ұшақтар жасайтын жағдайға жеттік»,- деді. Ол сондай-ақ Иранның теңіз саласындағы әскери жетістіктеріне тоқталып: «Біз бүгінде зымыран тасығыштар мен эсминецтерді жасауға мүмкіндігі бар санаулы елдердің біріміз және ең озық теңіз техникасын жасай аламыз деп отырмыз»,- деп мәлімдеді.