Сепидан – Загрос тауының етегіндегі төңкерілген қызғалдақтар алқабы
(last modified Tue, 10 May 2022 13:17:23 GMT )
Maм 10, 2022 19:17 Asia/Almaty

Иранның оңтүстігіндегі Фарс облысының Сепидан ауданында орналасқан тауларда көктемде төңкерілген қызғалдақтар көз қуантады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, көктемде Иранның әртүрлі өңірлерінде төңкерілген қызғалдақтар өсіп, таулардың етегі мен алқаптарда қар басқан жерлер, өзендер мен жартастармен бірге әдемі панорама тудырады.

Төңкерілген қызғалдақтар негізі Загрос таулы сілемінің етегінде өседі. Бұл өсімдік сәуір айының басында шығып, гүлі мамыр айының аяғына дейін сақталады.