Иранның оңтүстігіндегі Парсы шығанағында Халықаралық тарих, мәдениет және өркениет форумы өтті
(last modified Wed, 11 May 2022 08:12:40 GMT )
Maм 11, 2022 14:12 Asia/Almaty
  • Иранның оңтүстігіндегі Парсы шығанағында Халықаралық тарих, мәдениет және өркениет форумы өтті

Иранның оңтүстігіндегі Бушер қаласында Парсы шығанағы университетінің ұйымдастыруымен екі күндік Халықаралық тарих, мәдениет және өркениет форумы өтті.

Парсы шығанағы университетінің ректоры Мұхаммед Модарреси осы форумның ашылу салтанатында: «Тарихи құжаттарға сәйкес, Парсы шығанағы әрдайым мәдениет пен өркениеттің бесігі болып келген. Форумның мақсаты – осы тарихи маңыздылықты атап өту»,-деді.

Парсы шығанағы университетінің ректоры Ислам революциясы жетекшісінің Парсы шығанағын бүкіл әлем үшін қуат көздері тұрғысынан маңызды ислам теңізі деп атағанына тоқталып: «Бұл халықаралық су жолы әлеуметтік аймақ болғаннан бұрын білім мен таным аймағы саналады»,-деді.