Теһранда өтетін кітап көрмесіне 65 халықаралық баспа өкілі қатысады
Сәу 24, 2016 21:08 Asia/Almaty
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрлігінің мәдени ұйымдар мен құрылымдар басқармасының бас директоры Әли Ферейдуни Теһранда өтетін халықаралық кітап көрмесіне қатысу мақсатында әлемнің 5 құрлығынан 65 баспа өкіліне виза берілгенін хабарлап:
"Виза алуға Сирия, Ресей, Германия, Италия, Қытай, Швеция, Ливан, Дания, Қазақстан, Пәкістан және БАӘ елдерінен өтініш жасалды" деді. Теһран халықаралық кітап көрмесінің 29- шы кезеңі «Ертең оқуға кеш болады» деген ұранмен 2016 жылғы мамыр айының 4-14 аралығында «Шаһр-е афтаб» көрме кешенінде өтеді.
Тегтер