Раиси Шейх Халифа бен Заид әл-Нахайянның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
https://itolqyn.com/news/iran-i61008-Раиси_Шейх_Халифа_бен_Заид_әл_Нахайянның_қайтыс_болуына_байланысты_көңіл_айтты
ИИР президенті жолдауында шейх Халифа бен Заид әл-Нахайянның қайтыс болуына байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінің тақ мұрагері, үкіметі және халқына көңіл айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 14, 2022 13:53 Asia/Almaty
  • Раиси  Шейх Халифа бен Заид әл-Нахайянның  қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

ИИР президенті жолдауында шейх Халифа бен Заид әл-Нахайянның қайтыс болуына байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінің тақ мұрагері, үкіметі және халқына көңіл айтты.

БАӘ президенті Халифа бен Заид әл-Нахайян кеше (жұма) 73 жасында қайтыс болды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, БАӘ президенті шейх Халифа бен Заид әл-Нахайянның қайтыс болуына байланысты Иран президенті Ибрахим Раиси жолдауында осы елдің үкіметі мен халқына көңіл айтты.

Сондай-ақ Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдоллахиан БАӘ Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдулла бен Заид әл-Нахайянға шейх Халифа бен Заид әл-Нахайянның қайтыс болуына байланысты  дос және бауырлас Біріккен Араб Әмірліктерінің үкіметі мен халқына көңіл айтты.