Теһран жұма намазы: Башар Асадтың Иранға сапары стратегиялық болды
(last modified Sat, 14 May 2022 11:18:19 GMT )
Maм 14, 2022 17:18 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазы: Башар Асадтың Иранға сапары стратегиялық болды

Теһран жұма намазының өкілі Сирия президентінің Теһранға сапарын стратегиялық деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Теһранның  жұма намазының имамы аятолла Сейед Ахмад Хатами осы аптада Теһрандағы жұма намазындағы уағыздарында Сирия президенті Башар Асадтың Теһранға сапары мен оның Ислам революциясы жетекшісімен кездесуіне тоқталып,  бұл сапарды стратегиялық сапар деп атап: «Бұл сапар қарсыласу майданын нығайтты және Сирия сионистік режимге қарсы күресте қарсыласушылардың алдыңғы қатарында»,- деді.

Хатами сонымен қатар Катар Әмірі  Шейх Хамд бен әл-Санидің  діни басшымен кездесуі мен оның экономикалық маңыздылығына назар аудартып: «Бұл сапар экономикалық ынтымақтастықты кеңейту тұрғысынан маңызды болғанымен, бұл кездесуде Ислам революциясы жетекшісінің сионистердің аяқ басқан жерде бүлік тудыратындары туралы сөздері маңызды болды және бұл кездесу антисионистік маневр болды. Парсы шығанағы елдері күшті Иранға сенім артуы керек, өйткені оларға көмекке келетін Иран»,- деп мәлімдеді.