Исфахандағы Бояу және пластмасса көрмесі ‌
(last modified Sat, 14 May 2022 12:10:10 GMT )
Maм 14, 2022 18:10 Asia/Almaty

Бояулар, шайырлар және өнеркәсіптік жабындардың тоғызыншы мамандандырылған көрмесі және он екінші «Исфахан-Пласт» көрмесі Исфаханда 100-ге жуық ирандық өндірістік компаниялар мен белгілі компаниялардың, соның ішінде Парсы шығанағы мұнай-химиялық компаниясының қатысуымен өтті

Iran Press-тің мәліметінше, Исфаханда өткен тоғызыншы мамандандырылған бояулар мен шайырлар көрмесінде ирандық компаниялардың бояулар, қаптау өнеркәсібі, шайырлар, жалпы және өнеркәсіптік желімдер, бояулар мен жабындар өндірушілері, әртүрлі қолданыстары бар жабындар, жабдықтар мен өндіріс машиналары саласындағы мүмкіндіктері көрсетілді. Исфахандағы бояулар, шайырлар және өнеркәсіптік жабындардың тоғызыншы мамандандырылған көрмесі Иранның еріткіштер секторындағы шикізатты импорттауға мұқтаж емес екенін көрсетті.