Хатибзаде: НАТО қарсыласу жолының жақсылыққа әкелмейтінін білуі керек
(last modified Tue, 17 May 2022 09:02:54 GMT )
Maм 17, 2022 15:02 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: НАТО қарсыласу жолының жақсылыққа әкелмейтінін білуі керек

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының (НАТО) әрекеттері мен саясаттарына сілтеме жасап, оның қарсыласу жолының жақсылыққа әкелмейтінін ескертті.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саид Хатибзаде Ресейдің Sputnik ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Қазір болып жатқан жағдайдың негізі НАТО-ның кеңеюі және елдердің қауіпсіздік және саяси ойларын елемеу болып табылады»,- деді. Хатибзаде Теһран Мәскеу мен Киев арасында бейбітшілік орнату үшін бар күш-жігерін салып жатқанына тоқталып: «Осыған байланысты Иран Ресей мен Украина арасындағы делдалдық әрекеттердің жаңа кезеңін бастауды көздеп отыр»,- деп айтты. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сондай-ақ Иран-Ресей қарым-қатынастарына тоқталып: «Теһран мен Мәскеу қарым-қатынастары стратегиялық болып табылады және біз ешқандай мәселенің бұл қарым-қатынастарды бұзуына жол бермейміз»,- деді.