Генерал-майор Салами: Иран бұрын-соңды болмаған санкциялық жағдайда айтарлықтай жетістіктерге жетті
https://itolqyn.com/news/iran-i61224-Генерал_майор_Салами_Иран_бұрын_соңды_болмаған_санкциялық_жағдайда_айтарлықтай_жетістіктерге_жетті
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы АҚШ-тың Иранға қарсы қатаң санкциялар салғанына тоқталып: "Иран осындай жағдайда айтарлықтай жетістіктерге жетті",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 22, 2022 19:11 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Салами: Иран бұрын-соңды болмаған санкциялық жағдайда айтарлықтай жетістіктерге жетті

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы АҚШ-тың Иранға қарсы қатаң санкциялар салғанына тоқталып: "Иран осындай жағдайда айтарлықтай жетістіктерге жетті",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сардар генерал-майор Салами: "Ислам революциясы жеңіске жеткеннен осы күнге дейін дұшпан тасада тұрып, кез келген сылтаумен исламдық Иранның қауіпсіздігін бұзуға немесе жоюға тырысты, бірақ халықтың қырағылығы мен талпынысының арқасында үнемі жеңіліс тапты",-деді.  

Генерал-майор Салами әлемнің түрлі аймақтарындағы үстемшілдердің Иран халқына соққы жасауға жоспар құратынын айтып: "Сақшылар корпусы өз міндетіне сәйкес дұшпанды жіті бақылап отыр",-деді.