Maм 23, 2022 22:47 Asia/Almaty
  • Иран – лаңкестік құрбаны

ИИР Президенті шәһид Сайяд Ходаидың қаны үшін міндетті түрде кек алынатынын айтып: "Бұл террорда әлемдік үстемшілдердің қолы байқалатыны анық",-деді.

Дұшпандар тағы да өздерінің сұрқия болмысын көрсетіп, жексенбі күні Теһранда Қасиетті жерлерді қорғаушылардың бірі полковник Сайяд Ходаиды 5 оқ атып, өлтірді.

Иран Президенті Ибрахим Раиси дүйсенбі күні Оманға сапар алдында: "Бұл қылмыста әлемдік үстемшілдер мен Қасиетті жерлерді қорғаушы күштерден жеңіліс тапқан адамдардың қолы айқын байқалады. Осылайша олар өздерінің әлсіздігін көрсетті",-деді.

Иран – әлем елдері арасында террордың ең үлкен құрбаны. Осы күнге дейін ИИР-да 17 мыңнан аса адам лаңкестік әрекеттерден қаза тапты.  

Ислам революциясы жеңісінің алғашқы күндерінен бастап әлемге үстем ету теңгерімі бұзылғаннан кейін дұшпандар мен олардың жалдамалылары, соның ішінде Мұнафықтар тобының жауластығына ұшырады. Бұл топ х.ш.ж.с.б. 1362 жылы 11 фарвардин мен 26 есфанд аралығында 4583 ирандық азаматтың өліміне жауапкершілікті мойнына алды.   

АҚШ пен сионистік режим де соңғы жылдарда Иран мен аймақта лаңкестерді қолдауды көздеп келеді. Лаңкестерді жауынгерлік дайындықтан өткізу, ДАИШ-тың бақылауындағы аудандарға күдікті әуе рейстері арқылы қару-жарақ, жеңіл және жартылай ауыр әскери жабдықтар, коммуникациялық құралдар мен азық-түлік жіберу Вашингтонның лаңкестерді қолдауының тек бір бөлігі ғана. Лаңкестер түрлі қалыптарда АҚШ-қа қызмет етіп, сионистік режимнің аймақтағы мүдделерін қамтамасыз ету үшін Иранның ядролық ғалымдары мен қарсыласу қозғалысының қолбасшыларына террор жасау сияқты қорқынышты қылмыстар жасады.

Мохсен Фахризаде, Маджид Шахрияри, Масуд Әлимұхаммади, Дариуш Резаинежад, Мұстафа Ахмади Роушан мен Реза Қашқаи соңғы жылдары сионистік режимнің тыңшылық ұйымының жалдамалылары қолынан қаза тапқан Иранның ядролық ғалымдары болды.

Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты "Құдс" күштерінің марқұм қолбасшысы қажы Қасым Солеймани де 1398 жылы 13 дейде Иракта миссия орындау барысында Хашд-аш-Шааби күштерінің қолбасшысы Абу-Махди әл-Мохандеспен бірге Бағдад әуежайы маңында АҚШ-тың әуе шабуылында қаза тапты.

Дұшпандардың осы лаңкестік әрекеттер жасаудағы басты мақсаты Иранның күн сайын артып келе жатқан ықпалы мен құдіретінің алдын алу, сондай-ақ Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын тоқтату болды. Independent газеті Иранның ядролық ғалымы Мохсен Фахризадеге террор жасалғаннан кейін өзінің бір сараптамасында: "Ирандағы соңғы террорлар – Израиль барлау қызметі мен оның батыстық әріптестері, соның ішінде MI6 мен CIA-ның Иранның ядролық бағдарламасын тоқтату немесе кешіктіру және мүмкін болған жағдайда өз мақсаттарына жетуден бас тарттыруға бағытталған толассыз талпыныстарының бір бөлігі",-деп жазды.  

Лаңкестікпен күресеміз деп уәж айтатын елдердің үнсіз қолдауына ие болған дұшпандардың соңғы қылмысы жауапсыз қалмайды. Иран Президенті айтқандай, бұл шәһидтің қаны үшін қылмыскерлерден кек алынатыны сөзсіз.  

Тегтер