Қалибаф: Ходаиді террор ету сионистік режимнің қатыгездігі мен жауыздығын тағы да әшкереледі
(last modified Tue, 24 May 2022 09:20:39 GMT )
Maм 24, 2022 15:20 Asia/Almaty
  • Қалибаф:   Ходаиді террор ету сионистік режимнің  қатыгездігі мен жауыздығын тағы да әшкереледі

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы: «Сақшылар корпусы қолбасшыларының бірі, қасиетті кесененің қорғаушысы, Хасан Саяд Ходаиге қарсы лаңкестік әрекет сионистік режимнің қатыгездігі мен жауыздығын тағы да әшкереледі»,- деді.

 

 

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Мұхаммад Бақер Қалибаф дүйсенбі күні   Ислам революциясы жетекшісі, Иранның құрметті халқы және шәһид  Хасан Саяд Ходаидің жолдастары мен отбасына көңіл айтқан жолдауында: «Сақшылар корпусы қолбасшыларының бірі, қасиетті кесененің қорғаушысы,  Хасан Саяд Ходаиге қарсы лаңкестік әрекет сионистік режимнің қатыгездігі мен жауыздығын тағы да әшкереледі. Бұл халықтың шыдамдылығына, қарсылығына, жанқиярлығына төтеп бере алмаған сұрқия дұшпандары халықаралық және адамгершілік нормалардан тыс қорлық әрекетке барды, бұл қылмыстың оларға ешқандай пайда әкелмейтіні сөзсіз. Қауіпсіздік және барлау органдары осы лаңкестік әрекетті іске асырғандар мен оған қатыстыларды анықтау және жазалау үшін қажетті шараларды қабылдауы қажет»,- деп мәлімдеді.