Хатибзаде: Әлемнің немқұрайлылығы сионистік режимнің озбырлығына себеп болды
(last modified Tue, 24 May 2022 09:53:09 GMT )
Maм 24, 2022 15:53 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: Әлемнің немқұрайлылығы сионистік режимнің озбырлығына себеп болды

Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы: «Дүниежүзілік қауымдастықтың Құдсты басып алуша режимнің Сирияға қарсы қайта-қайта басқыншылық әрекеттеріне және барлық халықаралық заңдар мен ережелерді ашық түрде бұзуына немқұрайлы қарауы бұл режим басшыларын озбырлығы мен арсыздығына себеп болды»,- деді.

IRNA агенттігінің сейсенбі күні хабарлауынша,  Саид Хатибзаде: «АҚШ-тағы билеуші ​​режимнің ашық және жасырын қолдауы осы басқыншы режимнің озбырлық пен арсыздықты арттыруда маңызды рөл атқарады. Ол Сирияның Голан жоталарын басып алуды жалғастырып қана қоймайды, сонымен қатар Сирия үкіметі мен халқының инфрақұрылымына әуе және зымыранмен жиі шабуыл жасауда. Соңғы жылдары Сирия дағдарысы кезінде сионистік режимнің әуе күштері әдетте Сириядағы лаңкестік топтардың әуе күштері рөлін атқарды. Сирия армиясы мен одақтас күштері бұл топтарды талқандаған сайын Израиль ұшақтары дереу әрекет етіп,  шабуылдар жасайды»,- деп мәлімдеді.