Ислам революциясының жетекшісі: Ішкі мүмкіндіктерге назар аудару санкцияларды залалсыздандырады
Ислам революциясының жетекшісі ішкі мүмкіндіктерге назар аудару санкцияларды залалсыздандыратынын қуаттады.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен бірге келген делегациямен кездесуінде Иран мен Тәжікстан арасындағы терең тарихи, діни, мәдени және тілдік ұқсастықтарға тоқталып, екі елді туыс және бауыр деп атады. Аятолла Хаменеи Иранның әртүрлі климаты, кең-байтақ жерлері мен жазықтары, ғылыми-технологиялық және өнеркәсіптік жетістіктері мен білімге негізделген компанияларын, сондай-ақ Тәжікстандағы судың молдығы мен кең көлемдегі кеніштерін ортақ ынтымақтастықты дамыту бағыттары деп тауып: «Санкцияларға қарамастан, ИИР әртүрлі салаларда жақсы жетістіктерге жетті. Егер санкциялар болмаса, бұл жетістіктерге қол жеткізілмес еді. Өйткені санкциялар бізді ішкі күштеріміз бен мүмкіндіктерімізге сүйенуге мәжбүр етті»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі Иранның техникалық, инженерлік, өнеркәсіптік және ғылыми мүмкіндіктерін Тәжікстанға көмектесу үшін өте әлеуетті және маңызды деп бағалап: «Осы мүмкіндіктерді пайдалану және ынтымақтастықты кеңейту үшін бірлескен комиссия барлық қол қойылған құжаттарды іске асу кезеңге жету үшін мұқият жоспарлауы керек»,- деп сөзін жалғады. Аятолла Хаменеи сондай-ақ Иран мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастық бағыттарының бірі аймақтық мәселелер, әсіресе Ауғанстандағы жағдай екенін қуаттап: «Иран мен Тәжікстан Ауғанстанға қатысты алаңдаушылықтары ортақ. Екі ел де лаңкестіктің таралуы мен осы елдегі тәкфиршіл топтардың көбеюіне алаңдаулы. Біз қазір Ауғанстанда билік басына келген мырзалар жан-жақты және инклюзивті үкіметпен барлық топтарды пайдалана алуы керек деп санаймыз»,- деп мәлімдеді. Ислам революциясының жетекшісі Иран Қарулы Күштері Бас штабы басшысының жақында Тәжікстанға сапары мен ұшқышсыз ұшақтар шығаратын зауытының ашылуына және мұндай ынтымақтастықтың өте маңызды екеніне тоқталып: «Бүгінгі таңда ұшқышсыз ұшақтар елдер қауіпсіздігінің маңызды факторы болып табылады»,- деді.