Амир Абдуллахиан: Иран Палестина халқының қарсыласуы мен азаттық күресін қолдайды
(last modified Tue, 07 Jun 2022 09:46:53 GMT )
Маусым 07, 2022 15:46 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран Палестина халқының қарсыласуы мен азаттық күресін қолдайды

Иран Сыртқы істер министрі: «ИИР Палестина халқының қарсыласуы мен азаттық күресін қолдауды жалғастыруда»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Хұсейн Амир-Абдуллаһиан дүйсенбі күні Теһранда имам Хомейнидің қайтыс болуының жылдығына қатысқан палестиналық және ливандық топтардың діни, саяси жетекшілері мен лауазымды тұлғаларымен кездесуінде имам Хомейнидің (р.а.) пікірі мен көзқарасында Палестина мен Құдс мәселесінің ерекше және стратегиялық орынға ие екеніне тоқталып: «Имам Хомейни Палестинаны ислам әлемінің бірінші басымдығы деп санады.  Ислам революциясының  жетекшісі аятолла Хаменеи ИИР-нің ұлық негізін қалаушы имам Хомейнимен бірге  Палестинаны азат ету мәселесіне ерекше назар аударып, бүкіл Палестина жерінің қылмыскер сионистердің басқыншыларынан азат етілетініне сенеді»,- деп мәлімдеді. Амир Абдуллахиан Иранның Палестина қарсыласуын толық қолдауына тоқталып: «ИИР барлық қысымдарға қарамастан өзінің принципті ұстанымынан қайтпайды»,- деп қуаттады.